Мен туралы

Мен туралы

Сәлем! Менің атым Аршат. Ақтөбелікпін. Жасым 28-де. Отбасылымын, 1 ұлым бар. Көп жылдан бері сайт жасаумен айналысамын. Өз мамандығым болмаса да кәсібім осы. Жеке тұлғаларға, фирмаларға, БАҚ өкілдеріне сайт жасаймын. Бұрын жасалған жұмыстарымды осы сайттан қарауларыңызға болады. Олардың басым көпшілігі жергілікті ақтөбелік фирмалардың сайттары, жеке блогтар және “Ақтөбе”, “Актюбинский вестник”, “Алаш айнасы” газеттерінің сайттары. Соңғы жасалған сайттардың бірі – “Дастан” студиясының сайты. Бұл сайтты тұрақты жаңартумен де айналысып келемін.
Сұрақтарыңыз, пікірлеріңізді Қонақ кітабына жазыңыз. Егер тез әрі арзан сайт жасауға тапсырыс бергіңіз келсе сайттағы Байланыс бөлімі арқылы хабарласыңыз.

Сайттар тізімі

Дастан студиясы Актюбинский вестник газеті Ақтөбе газеті Ақзеренің блогы Баянның блогы Керек Инфо ФК “Ақтөбе” «Автоснаб Актобе» Иман SMARTEXDF